ШҰБАРСУ АУЫЛЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ШҰБАРСУ АУЫЛЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ РЕФЕРЕНДУМДЫ ҚОЛДАУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ
Бүгін Шұбарсу ауылдық Мәдениет үйінде 15 наурызға белгіленген жалпыхалықтық референдумды қолдау мақсатында құрылған коалиция мүшелерінің қатысуымен келелі жиын өтті. Басқосуға аудандық мәслихат депутаттары, аудандағы ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері, тұрғындар және кәсіби заңгерлер қатысты.
Жиынды ашқан Ордабасы аудандық коалиция төрағасының орынбасары, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков референдумның ел болашағы үшін айрықша маңызға ие екенін атап өтті. Ол өз баяндамасында референдум — мемлекет дамуының жаңа бағыттарын айқындайтын, халықтың тікелей таңдау жасауына мүмкіндік беретін маңызды саяси қадам екенін жеткізді. Сондай-ақ қоғамдағы жауапкершілік пен азаматтық белсенділікті арттыруда мұндай жалпыхалықтық дауыс берудің орны ерекше екенін айтты.
Бұдан соң сөз алған аудандық коалиция мүшесі, ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей елімізде өтіп жатқан әрбір саяси науқанға бір кісідей атсалысу – дамыған азаматтық қоғамның басты белгісі екенін атап өтті. Ол барша азаматтарды референдумға белсенді қатысып, өз таңдауын жасауға шақырды.
Жиын барысында қатысушылар референдумның мән-маңызы туралы пікір алмасып, елдік мүдде жолында белсенділік таныту қажеттігін қолдады.
@актуальное

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ordabasy-maslihat/press/news/details/1164476?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version