Су тасқынына қарсы іс-шаралар Шортанды ауданы прокуратурасының бақылауында

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алдағы су тасқыны кезеңіне дайындықты қамтамасыз ету мақсатында аудан прокуратурасымен аудан әкімдігі ғимаратында жергілікті атқарушы органдардың, төтенше жағдайлар бөлімі мен құқық қорғау органдары өкілдерінің, сондай-ақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізілді.

Кеңес барысында ықтимал су тасқыны жағдайларына дайындық, жедел әрекет ету күштері мен құралдарының әзірлігі, гидротехникалық құрылыстардың, су бұру арналарының жай-күйі, сондай-ақ халық пен инфрақұрылым объектілерін қорғау бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды.

Сондай-ақ ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту, халықты уақтылы хабардар ету және көктемгі су тасқыны кезеңінде туындауы мүмкін қауіптерге жедел әрекет ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Кеңес қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға су тасқыны салдарының алдын алу және оларды барынша азайтуға, сондай-ақ азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нақты тапсырмалар берілді.

Аталған мәселе аудан прокуратурасының бақылауында.

Ақмола облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1164493?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version