Үстіміздегі жылдың 18 ақпан күні күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Түлкібас ауданындағы іс-сапары барысында Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Түркістан облысы бойынша департаментімен 2026 жылғы І-жартыжылдығына арналған бақылау және қадағалау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы ҚР Еңбек заңнамасының және өзге де нормативтік-құқықтық актілерінің, бақылауға жататын міндеттеме талаптарының сақталуына профилактикалық бақылау жүргізудің жартыжылдық жоспарына сәйкес Түлкібас ауданына қарасты «Майлыкент-Сүт” ауылшаруашылық өндірістік кооперативіне профилактикалық бақылау жүргізді.
Тексеру барысында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы «Майлыкент-Сүт” ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің еңбек ұжымымен кездесу ұйымдастырып, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы еңбек қатынастарының заңдылықтарына және жазатайым оқиғадан сақтандыру шарттарының маңыздылығына қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау