Адамға құтыру қандай қауіп төндіреді?
Құтыру – жануарларға да, адамға да өте үлкен қауіп төндіретін табиғи ошақты инфекция.
Құтырумен іс жүзінде барлық жерде тіршілік ететін сүтқоректілер, ең алдымен – жыртқыштар (иттәрізділер, мысыктәрізділер, күзентәрізділер, еноттәрізділер және т.б.), кеміргіштер, жарқанаттар ауырады. Құтыру вирусын адамдарға негізінен үй жануарлары таратады. Ерекше қауіптілік – үйсіз иттер, мысықтар және басқа да жануарлар. Жұқпалану тек тістелгенде ғана емес, сонымен қатар зақымдалған тері және шырышты қабықтарды түкірікпен ластағанда, сондай-ақ ауру жануардың түкірігі жұғған заттар арқылы, мал денесін өңдеу кезінде де болуы мүмкін. Білу маңызды: құтыру қоздырғышы – вирус, аурудың көрінетін белгілері пайда болмай тұрып-ақ, ауру жануардың түкірігінде 10 күн бұрын болуы мүмкін, сондықтан адам сырттай сау көрінетін жануардың тісінен де ауыруы мүмкін. Адамнан адамға құтыру, әдетте, берілмейді, адамдарды және бір-бірін жануарлар жұқтырады.
Жұқпалану қаупіне ұшыраған адамдарда құтыру ауруының алдын алудың жалғыз тиімді құралы – зардап шеккендерге уақытылы антирабиялық көмек көрсету (жараны бастапқы өңдеу және иммунизация). Адамның құтыруын тек алдын алу вакцинациясы арқылы ғана болдырмауға болады, оның тиімділігі медициналық көмекке жүгіну мерзіміне байланысты. Есіңізде болсын: тек уақытында жүргізілген антирабиялық егулер ғана құтыру ауруының алдын ала алады!
Құтыру – емсіз ауру! Клиника, яғни ауру симптомдары пайда болғаннан кейін, ауруды құтқару мүмкін емес.
Құтыруды болдырмауға болады және болдырмау керек. Біздің денсаулығымыз тек өзімізге байланысты. Өзімізге, айналамыздағы адамдарға және жануарларға қандай және қаншалықты жауапкершілікпен қарасақ, нәтиже де сондай болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-karabalyk-audany-akimat/press/news/details/1165408?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау