Алматыда Терапевт мамандар мектебі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы ақпанның 19-ында Қалалық жедел шұғыл көмек көрсету ауруханасында Терапевтер мектебі ұйымдастырылып, қаладағы стационарлық және амбулаториялық қызмет арасындағы ашық кәсіби диалог алаңына айналды.

Іс-шараға емхана мен стационар дәрігер-терапевтері, жалпы тәжірибе дәрігерлері және кардиологтар қатысты.
Кездесудің басты тақырыбы полиморбидті патологиясы бар пациенттерді жүргізу болды. Бүгінде дәл осындай пациенттер денсаулық сақтау жүйесіне негізгі жүктемені қалыптастырып, үйлестірілген әрі клиникалық тұрғыдан негізделген шешімді талап етеді.
Ерекше назар:
– өкпе артериясының тромбоэмболиясын уақтылы диагностикалау және жүргізу тактикасы;
– шеткері артериялар ауруы бар пациенттерді басқару;
– созылмалы коронарлық синдром және мультифокальды атеросклероз кезінде кезең-кезеңімен диагностика жүргізу және диагнозды дұрыс рәсімдеу;
– созылмалы жүрек жеткіліксіздігі кезінде дәрілік терапияның заманауи тәсілдері сияқты мәселелерге аударылды.
Спикерлер денсаулық сақтаудың мамандары:
қантамыр хирургы, флеболог Султан Илиев;
ҚЖШККА терапия бөлімшесінің меңгерушісі, дәрігер-терапевт, жоғары санатты кардиолог, м.ғ.к. Фарида Рустамова;
С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті кафедрасының қауымдастырылған профессоры, жоғары санатты кардиолог Айжан Альмуханова болды.
Пікірталас бөлімінде қатысушылар нақты клиникалық жағдайларды талдап, амбулаториялық кезеңдегі жиі кездесетін қателіктерді, пациенттерді уақтылы госпитализациялау критерийлерін және медициналық көмектің әр деңгейі арасындағы өзара іс-қимыл алгоритмдерін талқылады.
Терапевтер мектебі дәрігерлердің кәсіби тәжірибе алмасуға жоғары қызығушылығын көрсетті және стационар мен емхана арасындағы тұрақты диалог ауыр декомпенсация санын азайтуға әрі ем нәтижесін жақсартуға тікелей әсер ететінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Осындай білім беру іс-шараларын өткізу тәжірибесі алдағы уақытта да жалғасын таппақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1165660?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version