Қабылдау барысында негізгі мәселелердің бірі – ескі, тозығы жеткен тұрғын үйлерді жаңғырту бағдарламасы болды.
Тұрғындарға бағдарламаны іске асыру тетігі бойынша түсіндірмелер берілді. Жаңғырту бағдарламасының әкімшісі – Күрделі құрылыс кәсіпорны. Қала аудандары бойынша барлық ресми ақпарат, сондай-ақ қайта жаңғыртуға жататын үйлердің тізімі мен техникалық сипаттамалары ашық қолжетімді түрде орналастырылған.
Бағдарлама мазмұнымен «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-тың https://www.spkalmaty.kz/ сайтында таныса аласыздар.
Азаматтарды қабылдау отырысы әр сейсенбі күні өтетінін еске саламыз, анықтама телефоны: 2214870.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-turksib/press/news/details/1164933?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау