Ақадыр кентінің әкімі М.Ж. Қойшибаев және Шет ауданы мәслихатының депутаты Н. Есжанова 18 ақпан күні Ж. Қыздарбекова көшесінде орналасқан стрит-воркаут алаңының артқы бөлігін аралап, аталған аумаққа жаңа балалар ойын алаңын салу мүмкіндіктерін талқылады.
Кездесу барысында ойын алаңының заманауи талаптарға сай жабдықталуы, қауіпсіздік шаралары, орнатылатын ойын элементтері мен абаттандыру жұмыстары жөнінде ұсыныстар қарастырылды. Тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру – басты назарда.
Сонымен қатар, қазіргі таңда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан вокзал аумағы да назардан тыс қалмады. Ақадыр теміржол вокзалы аумағының артқы бөлігіндегі автокөлік тұрағын кеңейту, айналасын абаттандыру және су ағарын ретке келтіру мәселелері бойынша тиісті жұмыстар пысықталды.
Атқарылып жатқан және жоспарланған жұмыстар кент келбетін жақсартып, тұрғындар мен қонақтар үшін қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-agadir/press/news/details/1164862?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау