Өткен жылдың қараша айында Ақсай қаласының әкімі А. Баяндықов пен “Транстелеком” АҚ Ақтөбетранстелеком филиалының директоры Р. Айжанов арасында өзара ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Нәтижесінде Ақсай қаласының Аралтал ауылында (жаңа Аралтал) маңызды инфрақұрылымдық жоба — “Транстелеком” АҚ компаниясы, “Ақтөбетранстелеком” филиалы іске асырылды, Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділіктің заманауи желісі салынды
Бұл жоба өңірдің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға, ауыл тұрғындарын сапалы және қолжетімді телекоммуникациялық қызметтермен қамтамасыз етуге, сондай-ақ қалалық және ауылдық елді мекендер арасындағы цифрлық теңсіздікті қысқартуға бағытталған.
Ағымдағы жылдың 2 ақпанында алғашқы абоненттер қосылды. Салынған желі өнеркәсіптік пайдалануға енгізілді, штаттық режимде жұмыс істейді және белгіленген техникалық талаптар мен қолданыстағы нормативтерге толық сәйкес келеді.
ҰБТ қазіргі уақытта өтінімдерді қабылдау және жаңа абоненттерді белсенді қосу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Жоба абоненттік базаны кезең-кезеңімен ұлғайтуды, сондай-ақ халықтың, кәсіпкерлер мен ауыл ұйымдарының қажеттіліктерінің өсуін ескере отырып, желінің өткізу қабілетін одан әрі кеңейту мүмкіндігін көздейді.
Бұл бастаманы іске асыру Аралтал тұрғындары үшін жаңа мүмкіндіктер ашады:
– интернет байланысының сапасы мен тұрақтылығын арттыру
– электрондық мемлекеттік қызметтерді дамыту
-қашықтықтан білім беру және онлайн курстарға қол жеткізу
– заманауи цифрлық сервистерді пайдалану
– бизнесті жүргізу және қашықтан жұмыс істеу үшін жағдайды жақсарту
Бүгінгі Интернет сән-салтанат емес, қазіргі өмірдің қажетті бөлігі. Аралтал ауылы Қазақстанның цифрлық болашағының бір бөлігіне айналғанына қуаныштымыз
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-burlin/press/news/details/1165303?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау