Аудандық полиция басқармасында жеке құрам арасында еліміздің жаңартылған Конституциясының негізгі қағидаттарын түсіндіруге арналған маңызды жиын өтті. Шараның басты мақсаты — тәртіп сақшыларының құқықтық сауаттылығын арттыру және жаңа конституциялық реформалардың мән-мағынасын жеткізу.
Конституция — жай ғана құжат емес, бұл мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудың, билік пен қоғам арасындағы жаңа форматтағы өзара іс-қимылдың кепілі. Жиын барысында Ата Заңның азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы рөлі ерекше атап өтілді.
Түсіндіру жұмыстарының маңызды бөлігі — «Жауапты патриотизм» ұғымына арналды. Полиция қызметкерлері үшін бұл қағидаттың мәні терең.Кез келген жағдайда заңды құрметтеу және оның орындалуын қадағалау.
Полиция қызметкерлері — заңның орындалуын тікелей қадағалайтын тұлғалар. Сондықтан Ата Заңның әрбір бабын терең түсіну және оны іс жүзінде қолдану — Әділетті Қазақстанды құру жолындағы маңызды қадам.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-bayzak/press/news/details/1165192?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау