Атбасар аудан прокуратурасы сотталғандармен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Атбасар ауданының прокуратурасы «Қайталама қылмыстың алдын алу» жобасы аясында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен, сондай-ақ шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалармен кездесу өткізді.

Іс-шара барысында жазаны өтеу тәртібі мен шарттары, сот жүктеген міндеттер, қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтарды қайта жасаудың жол берілмейтіндігі, сондай-ақ пробациялық бақылауды сақтаудың маңыздылығы туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Аудан прокуратурасы учаскелік инспекторлармен және пробация қызметімен бірлесіп, сотталғандардың тұрғылықты жері мен жұмыс орны бойынша тұрақты түрде тексерулер жүргізеді. Бұл бақылауды күшейтуге, құқықтық міндеттердің сақталуын қамтамасыз етуге және қайталама қылмыс жасау тәуекелін төмендетуге ықпал етеді.

Ақмола облысының прокуратурасы

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1165293?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version