АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ IX КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Ардагерлер ұйымы республикалық қоғамдық бірлестігінің Шардара аудандық филиалы IX конференциясы өтті.
Конференцияға Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Бақытжан Сермаңызов, Түркістан облыстық ардагерлер ұйымы кеңесі төрағасының бірінші орынбасары Әбдішүкір Әбдімәлікұлы, Шардара ауданы әкімінің орынбасары Еркебұлан Қаратүнов, аудандық мәслихат төрағасы Бұлтбай Мүтәлиев және бастауыш ардагерлер ұйымдарынан ұсынылған делегаттар қатысты.
Конференцияны аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Тоқсанбай Бердібеков ашып, екі конференция аралығында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Жарыссөз барысында бірқатар бастауыш ұйым жетекшілері сөз сөйлеп, аудандық кеңестің атқарған жұмыстарына жоғары баға берді.
Өз кезегінде Әбдішүкір Әбдімәлікұлы Шардара ардагерлерінің ұйымшылдығын атап өтіп, Тоқсанбай Бердібековтің еңбегі жоғары бағаланып, үш жыл алдын Түркістан облысының Құрметті азаматы атағын алғанын, былтыр Президент Жарлығымен “Құрмет” орденін иеленгенін жеткізді. Күн тәртібіндегі мәселелер қаралып, тиісті қаулылар қабылданды. Облыстық конференцияға делегаттар ұсынылып, ардагерлер алқасының жаңа құрамы, тексеру және мандат комиссиялары сайланды.
Пленум барысында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасын сайлау мәселесі қаралып, көпшілік дауыспен Тоқсанбай Бердібеков қайтадан төраға болып сайланды. Сонымен қатар, кеңес төрағасының орынбасары болып Байдүлла Рахматуллаев, хатшысы болып Алданбек Құдайбергенов бекітілді.
Конференцияға қатысқан Еркебұлан Қаратүнов жаңадан сайланған төрағаны құттықтап, аудан ардагерлері алдағы уақытта да аудан әкімдігімен бірлесе отырып, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қоса беретініне сенім білдірді.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1165195?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version