АУДАНДЫҚ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ШТАБ ОТЫРЫСЫНДА МАҢЫЗДЫ ЖОБАЛАР ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігінде аудандық инвестициялық штабтың кезекті отырысы өтті. Жиында ауданға инвестиция тарту, жаңа өндіріс орындарын ашу және экономиканы әртараптандыру мәселелері қаралды.

Отырыста Нұра кентінде сүт өңдеу цехын салу жобасы мен Шұбаркөл кентінде тауарлық жүк вагондарын жөндеу зауытын ашу бастамалары талқыланды. Аталған жобалар жүзеге асқан жағдайда жаңа жұмыс орындары құрылып, жергілікті бюджет кірісі ұлғайып, өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті арта түсетіні атап өтілді.

Сүт өңдеу цехының іске қосылуы ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеуге мүмкіндік беріп, жергілікті шаруа қожалықтарының өнімдерін тиімді өткізуіне жол ашады. Ал жүк вагондарын жөндеу зауыты көлік-логистика саласының дамуына серпін беріп, ауданның өндірістік инфрақұрылымын нығайтады.

Аудан әкімі инвестициялық жобалардың маңыздылығына ерекше тоқталып, әрбір инвесторға жобаны жүзеге асыру кезеңінің басынан бастап толық аяқталғанға дейін жан-жақты қолдау көрсетуді тапсырды. Сондай-ақ жауапты бөлімдерге құжаттандыру, жер телімдерін рәсімдеу, инфрақұрылым тарту және мемлекеттік қолдау тетіктерін пайдалану мәселелері бойынша жедел әрі жүйелі жұмыс жүргізу міндеттелді.

Жиын қорытындысында жобалардың іске асу барысын тұрақты бақылауда ұстау және туындаған мәселелерді жедел шешу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Аудан басшылығы инвестиция тарту жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1165417?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version