Аудандық мәслихаттың кезектен тыс LХ – сессиясы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан әкімдігінің мәжіліс залында мәслихат төрағасы Бақтияр Ақбаевтың төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс LХ сессиясы өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасары Қуаныш Бүркітәлиев, аудандық мәслихаттың депутаттары, тиісті бөлім басшылары қатысты.
Онда күн тәртібі мен регламенті бірауыздан бекітілген соң, «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №57-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Дулат Жақыпбеков баяндама жасады. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2016 жылғы 22 маусымдағы №4-10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әлия Саққұлова баяндама жасады.
Аудандық мәслихаттың бірлескен тұрақты комиссия отырысында сессияның күн тәртібіне енгізілген мәселе алдын ала талқыланғандықтан, жиналыс барысында депутаттар тарапынан ұсыныстар айтылмады.
Жиын соңында аталған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданған соң, аудандық мәслихаттың жұмыс жоспарына сәйкес кезекті сессияның қарауына ұсынылатын мәселелер таныстырылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-baizak/press/news/details/1164849?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version