Аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың қатысуымен аудандық мәслихаттың кезекті XLVI сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудандық мәслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда, Сырдария аудандық мәслихатының қаржы және бизнес, экономика, өндіріс салалары, ауыл шаруашылығы, құрылыс, коммуналдық шаруашылығы, жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі бойынша комиссия мүшесі М.Бисенов баяндама жасады.
Сонымен қатар, Сырдария аудандық мәслихатының білім, денсаулық, мәдениет, әлеуметтік сала, жастар ісі, құқық қорғау, экология және табиғатты қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясының есебі бойынша тұрақты комиссия төрағасы А.Есназардың баяндамасы тыңдалды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе – ауданда жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылу барысы тыңдалды. Бұл бағыттағы жұмыстар туралы Сырдария аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің сектор меңгерушісі Б.Мейрамбекұлы баяндама жасады.
Сондай-ақ, «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Сырдария аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №221 шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Е.Ахетов хабарлама жасап, ұсынылған өзгерістердің негіздемесін түсіндіріп, депутаттардың сауалдарына жауап берді.
Бұдан бөлек, «Сырдария ауданы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссиясының құрамын бекіту туралы» 2023 жылғы 28 сәуірдегі №28 шешімге өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды. Айта кету керек, сессия қарауына ұсынылған барлық мәселелер бұған дейін мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында жан-жақты қаралып, талқыланған болатын. Бірлескен отырыста тиісті баяндамалар тыңдалып, депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданып, сессия жұмысы қорытындыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-syrdarya/press/news/details/1165001?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау