Аумақтық референдум комиссиясы
алғашқы отырысын өткізді
2026 жылғы 16 ақпанда Қаратөбе аудандық аумақтық референдум комиссиясының алғашқы отырысы өтіп, 2026 жылғы 15 наурызға тағайындалған республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізуге дайындық мәселелері жан-жақты қаралды.
Комиссия төрағасы Бақытжан Жүсіпқали өз сөзінде Қазақстан Республикасы Орталық референдум комиссиясы қаулысымен бекітілген референдумды әзірлеу мен өткізудің негізгі іс-шараларының күнтізбелік жоспарын таныстырды. Сонымен қатар комиссия мүшелерінің функционалдық міндеттері нақтыланып, тиісті бағыттар бойынша жауапкершілік бөлінісі бекітілді.
Атап айтқанда, ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз ету, материалдық-техникалық дайындық, учаскелік референдум комиссияларының қызметін үйлестіру, әдістемелік көмек көрсету және комиссия мүшелерін оқыту бағыттары бойынша нақты іс-шаралар жоспары айқындалды. Әрбір бағыт бойынша мерзімдер белгіленіп, жауапты тұлғалар бекітілді.
Жиын соңында комиссия мүшелеріне республикалық референдумды қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, ашықтық пен жариялылық қағидаттарын сақтай отырып, жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өткізу міндеті жүктелді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1165503?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау