Денис Никиша – жартылай финалда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Милан қаласында XXV қысқы Олимпиаданың шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтық бәсекенің 1/4 финалы басталды.

Ширек финалдың 1-тобында әлем чемпионатының 2 мәрте күміс жүлдегері Денис Никиша бақ сынады. Нәтижесінде отандасымыз 3-орынға берілген қосымша жолдаманың арқасында жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

1️⃣🇨🇦Стивен Дюбуа (Олимпиада чемпионы, 4 дүркін әлем чемпионы) – 40.377 секунд

2️⃣🇳🇱Тён Бур (әлем чемпионы) – 40.412 секунд

3️⃣🇰🇿Денис Никиша (әлем чемпионатының күміс жүлдегері) – 40.562 секунд

4️⃣🇺🇸Эндрю Хо (әлем чемпионатының қола жүлдегері)

🇭🇺Вон-жун Мун (жасөспірімдер арасында әлем чемпионы) – жарыстан шеттетілді

Айта кетейік, Денис Никиша өз мансабындағы төртінші Олимпиадасына қатысып жатыр.

Фото: Сали САБИРОВ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sport/press/news/details/1164766?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version