«Дипломмен ауылға» жобасы аясында әлеуметтік қолдау көрсетілетін мамандар:
- Денсаулық сақтау саласының қызметкерлері (дәрігерлер, медбикелер).
- Білім беру саласының мамандары (мұғалімдер, тәрбиешілер).
- Әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы қызметкерлер;
- Мәдениет және спорт саласының мамандары (кітапханашылар, жаттықтырушылар).
- Агроөнеркәсіптік кешен мамандары (агрономдар, ветеринарлар, балықшылар және т.б.).
- Мемлекеттік қызметшілер.
Әлеуметтік қолдау көрсету шарттары:
- Әлеуметтік қолдауға үміткер дипломды маман болуы қажет
- Мамандығы бойынша жұмыс істеуі қажет.
- Жобаның барлық ережелеріне сәйкес болуы шарт.
Өтініш беру тәртібі:
«Дипломмен – ауылға» жобасына қатысу үшін аудан және облыстық маңызы бар қала әкіміне өтініш жазу (қызмет көрсетуші аудан әкімдігінің экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімдері) немесе otbasybank.kz порталында тіркеліп, электронды цифрлық қолтаңбанын пайдалана отырып, өтінішке қол қоюы қажет.
Ескерту:
Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
Құжаттарды тапсыру:
- Көтерме жәрдемақы алу үшін:
– өтініш формасы;
– жеке басын куәландыратын құжат;
– білім туралы дипломның көшірмесі немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты;
– алушының еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі.
Қаржылық көмек тек бір рет көрсетіледі.
- Тұрғын үй сатып алуға несие алу үшін:
– өтініш формасы;
– жеке басын куәландыратын құжат;
– жаңа жұмыс орны бойынша кадрлар бөлімі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;
– білім туралы дипломның көшірмесі немесе цифрлық құжаттама қызметінің электрондық құжаты;
– некеде тұратын көрсетілетін қызметті алушыларға цифрлық құжаттама қызметінен неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәліктің электрондық құжаты;
– осы ауылдық қоғамдастықта маманға, жұбайына және балаларына тиесілі жылжымайтын мүліктің жоқ (бар) екендігі туралы анықтама;
– сатып алынған жылжымайтын мүлікті бағалау актісі;
– сатып алынатын тұрғын үйдің құны берілген несие сомасынан асатын болса, қоса қаржыландыруға келісім беру.
Кредиттік бюро есебі
- Тұрғын үй құрылысына несие алу үшін қажетті құжаттарды жинау:
– өтініш формасы;
– жеке басын куәландыратын құжат;
– жаңа жұмыс орны бойынша кадрлар бөлімі куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;
– білімі туралы дипломның көшірмесі;
– некеде тұратын көрсетілетін қызметті алушыларға цифрлық құжат қызметінен неке қию туралы куәліктің электрондық құжаты;
– маманның, оның жұбайының (зайыбының) және балаларының осы ауылда жылжымайтын мүліктің жоқтығы (болуы) туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден ақпарат болмаған жағдайда);
– тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскесін пайдалану құқығы туралы акт маманның атына;
– кепіл мүлкін бағалау актісі;
– кепілдік мүлікті сақтандыру шарты;
– тұрғын үй құрылысының берілген несие сомасынан асатын бөлігін бірлесіп қаржыландыруға жазбаша келісім.
Кредиттік бюро есебі
Көтерме жәрдемақы мен тұрғын үй алу бойынша қаражат мөлшері:
- Көтерме жәрдемақы:
Қолдау аясында бір реттік көтерме жәрдемақы ретінде 100 АЕК көлемі қарастырылған (2026 жылы оның сомасы 432 500 теңге болып белгіленген).
- Тұрғын үй алуға немесе салуға арналған қолдау:
Әлеуметтік қолдау шаралары ауылдық елді мекендерде және аудан орталықтарында қолжетімді.
Ауылдық жерлерде — 2000 АЕК дейін (шамамен 8 650 000 теңге);
Аудан орталықтарында — 2500 АЕК дейін (шамамен 10 812 500 теңге).
Несие мерзімі: 15 жылға дейін қарастырылған.
Сыйақы мөлшерлемесі: жылдық 1% құрайды.
Ескерту:
Несие жұмыс орны бойынша беріледі.
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздері:
1.Ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталғанда;
- Жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі)болғанда;
- Заңды күшіне енген сот шешімі болғанда;
- Көрсетілетін қызметті алушы Заңның 18-бабы 8-тармағыныңжәне осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмеген;
5) “Дербес деректер және оларды қорғау туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімі болмаған жағдайларда жүзеге асырылады.
Әлеуметтік көмекті алғаннан кейінгі міндеттемелер:
Егер сіз мемлекеттен әлеуметтік көмек (біржолғы жәрдемақы немесе жеңілдетілген несие) алсаңыз, келесі талаптарды орындауыңыз қажет:
- Ауылда жұмыс істеу міндеттемесі:
Сіз кемінде 3 жыл ауылдық елді мекенде жұмыс істеуге келісім бересіз.
Бұл келісім міндетті түрде жазбаша түрде бекітіледі.
- Қайтару шарты:
Егер сіз осы шарттарды орындамасаңыз, мемлекеттен алған ақшаны толығымен қайтаруыңыз керек.
- Тұрғын үйге қатысты талаптар:
Несие алғаннан кейін 22 айдың ішінде:
– не үй сатып алуыңыз,
– не үй салуды бастауыңыз қажет.
- Құжаттарды сақтау:
Егер үй салсаңыз, құрылыс материалдарын сатып алғаныңызды растайтын түбіртектерді (чектерді) сақтау қажет.
Ескерту:
Мемлекеттік көмек алған сәттен бастап Сіз ауылда жұмыс істеуге, үймен қамтамасыз етілу және барлық шығындарды құжаттармен дәлелдеуге міндетті боласыз. Егер бұл талаптар орындалмаған жағдайда, қаражатты қайтаруға тура келеді.
Тақырып
«Дипломмен ауылға» жобасы аясында берілетін әлеуметтік көмек кімдерге беріледі?
Қысқаша мазмұны
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің тікелей тапсырмасымен 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап ауылдық елді мекендердің кадрлық әлеуетін қажетті мамандармен нығайту, білікті кадрларды ауылдық жерлерде ұстап тұру мақсатында 2009 жылдың 1 шілдесінен бастап «Дипломмен ауылға» мемлекеттік бағдарламасы іске қосылды. «Дипломмен ауылға» жобасы денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қорғау, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп және мемлекеттік қызмет мамандарына қолдау көрсетеді; қатысу үшін маман дипломы болуы, ауылда өз мамандығы бойынша жұмыс істеуі және жоба талаптарына сай болуы қажет. Өтінішті әкімдікке немесе otbasybank.kz арқылы беруге болады. Көтерме жәрдемақы алу үшін өтініш, жеке куәлік, диплом және еңбек құжаты ұсынылады; тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін қосымша еңбек кітапшасы, неке құжаты, мүлік туралы анықтама, бағалау актілері, кредиттік есеп және қажет жағдайда қоса қаржыландыру келісімі талап етіледі. Қолдау ретінде 100 АЕК көлемінде бір реттік жәрдемақы және 1% мөлшерлемемен 15 жылға дейін 2000–2500 АЕК көлемінде несие беріледі. Қызмет көрсетуден құжаттардың жалғандығы, талаптарға сәйкес келмеу немесе жеке деректерге рұқсат болмау себептерімен бас тартылуы мүмкін. Қолдау алған маман кемінде 3 жыл ауылда жұмыс істеуге, 22 ай ішінде тұрғын үй сатып алуға немесе салуды бастауға, ал үй салғанда шығындарды растайтын чектерді сақтауға міндетті; шарттар орындалмаса, алынған қаражат толық қайтарылады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-economy/press/news/details/1165184?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау