«Информатика сабағында жасанды интеллект пен LMS платформаларын қолдану тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19 ақпан күні сағат 10:00-де «Информатика сабағында жасанды интеллект пен LMS платформаларын қолдану тәжірибесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шараға аудан мектептерінің информатика пәні мұғалімдері қатысты (әр мектептен 1 мұғалім, Қожагелді және Нұрбаев мектептерінен 2 мұғалімнен). Дөңгелек үстел барысында білім беру үдерісінде жасанды интеллект құралдарын тиімді пайдалану, LMS платформалары арқылы оқу сапасын арттыру және цифрлық ресурстарды сабаққа кіріктіру жолдары талқыланды.

Қатысушылар өз тәжірибелерімен бөлісіп, сабақ барысында қолданылып жүрген жасанды интеллект платформалары мен LMS жүйелері бойынша қысқаша таныстырылымдар ұсынды. Пікір алмасу барысында практикалық мысалдар көрсетіліп, тиімді әдістер ортаға салынды.

Сонымен қатар:
🔹 №514 бұйрыққа қысқаша шолу жасалды;
🔹 «Роботек» жарысына дайындық барысы талқыланды;
🔹 Алдағы семинар-практикумды ұйымдастыру мәселелері бойынша ұсыныстар айтылды.

Дөңгелек үстел өзара тәжірибе алмасуға, кәсіби байланыстарды нығайтуға және заманауи цифрлық құралдарды тиімді қолдану бағытында ортақ түсінік қалыптастыруға мүмкіндік берді.

#Информатика #ЖасандыИнтеллект #LMS #ӘдістемелікЖұмыс #Ақсуат

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aksuat-bilim/press/news/details/1165338?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version