Бүгін Жамбыл облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының Кезекшілік өрт сөндіру қызметінің азаматтық қорғау қызметкерлері Тараз қаласы №1 мамандандырылған өрт өндіру бөлімінің өрт сөндіру-құтқару жарақтарының жай-күйін және техникалардың күнделікті жұмысқа жарамдылығын тексеріп, сондай-ақ көктемгі маусымға дайындық деңгейіне назар аударды. Мұнан кейін Тараз қаласы №4 өрт сөндіру бөлімінің аумағындағы тазалық жұмыстарымен танысып, одан әрі аталған өрт сөндіру бөлімімен өрт сөндіру-тактикалық сабағын ұйымдастырып өткізді.
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау