Мәслихаттың кезекті 39-шы сессиясы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылдың 18 ақпанында Есіл ауданының сегізінші шақырылған мәслихатының кезекті 39-шы сессиясы өткізілді. Сессия жұмысы барысында келесі мәселелер қаралды:

  1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы жұмыстарының қорытындысы туралы.
  2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімінің 2025 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы есебін бекіту туралы.
  3. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 36/534 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы.
  4. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2025 жылғы 26 желтоқсандағы № 37/557 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  5. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы.
  6. «Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы әкімдігінің жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2024 жылғы 25 қарашадағы №22/326 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. «Есіл аудандық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарын сайлау туралы» Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 11/163 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Сессия қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sko-esil/press/news/details/1164808?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version