2026 жылдың 19 ақпаны күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихат төрағасы М.Көкрекбаевтың төрағалығымен кезектен тыс 55-ші сессия отырысы өтті. Жиынға аудан әкімі Е.Жиенқұлов, мәслихат депутаттары және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Сессияның күн тәртібінде ауданның әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталған 9 мәселе қаралды.
1.Бюджет және жоспарлау: 2026-2030 жылдарға арналған Даму жоспарына және 2026-2028 жылдарға арналған бюджетке түзетулер енгізілді.
2.Әлеуметтік қолдау: Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге келген денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, агроөнеркәсіп саласының мамандарына және мемлекеттік қызметшілерге берілетін әлеуметтік көмек мөлшері бекітілді.
3.Ұйымдастыру мәселелері: Сайлау комиссияларының, аудан әкімдігінің дербес құрамы және құқық бұзушылық, кәмелетке толмағандар ісі, діни бірлестіктер, мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссиялардың құрамдарына өзгерістер енгізілді.
Барлық мәселелер бойынша депутаттар тиісті шешім қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-merke/press/news/details/1165341?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау