Өңір кәсіпкерлерін қабылдау өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін аудан әкімдігінің ғимаратында өңір кәсіпкерлері мен инвесторларды қабылдау шарасы өтті. Іс-шара заң мен тәртіп аясында ұйымдастырылып, кәсіпкерлік субъектілерінің өзекті мәселелері қаралды. Қабылдауды аудан әкімі Н.Қызбергенов пен аудан прокуроры А.Орынбасар және аудандық кәсіпкерлер Кеңесінің төрағасы Н.Таңқаев қатысты. “Атамекен” ӨКП, аудандық филиалының директоры Г.Шамиева өткен, 2025 жылы аудан кәсіпкерлерімен өткізілген кездесу қорытындысы жайлы баяндады. Бүгінгі кездесуге келген жеке кәсіпкерлер өз бизнесін дамыту барысында туындаған мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді. Барлық сауалдарға заңнама талаптарына сәйкес жауаптар беріліп, кейбір мәселелерді шешу бағытында тиісті органдарға нақты тапсырмалар жүктелді. Алдағы уақытта да осындай қабылдаулар тұрақты түрде өткізіліп, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жалғасатын болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/press/news/details/1165222?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version