Орал қаласының әкімі Индонезия Республикасының Елшісімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Орал қаласының әкімі Мұрат Байменов Индонезия Республикасының Қазақстандағы және Тәжікстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Мохамад Фаджрул Рахманды қабылдады.

Кездесуге Орал қаласы әкімінің орынбасары Азамат Халелов, Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ильдар Бақтығали, сондай-ақ Индонезия елшілігінің өкілдері – Кеңесші-Уәкіл, Экономикалық және саяси бөлімнің басшысы Густаф Дауд Сираит, Бірінші хатшы, Консулдық бөлімнің басшысы Фирма Агустина, Экономикалық және саяси бөлімнің қызметкері Дана Балтабай, Консулдық бөлімнің қызметкері Шарифджони Сафариён, сондай-ақ Астана қаласындағы Индонезия Республикасы Елшілігінің коммуникациялар, әлеуметтік және мәдени мәселелер жөніндегі бөлім басшысы Джоэнис Дуана Сирайт қатысты.

Кездесу барысында тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы өзара әріптестікті кеңейту, өнім экспортын арттыру және инвестициялық мүмкіндіктерді тиімді пайдалану бағыттарына ерекше назар аударылды.

Мұрат Болатұлы өңіраралық байланыстарды нығайту мен іскерлік әріптестікті дамыту қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң серпін беретінін атап өтті. Өз кезегінде Елші екі ел арасындағы сауда қатынастарының әлеуеті жоғары екенін айтып, алдағы уақытта нақты жобаларды бірлесіп жүзеге асыруға дайын екенін жеткізді.

Кездесу қорытындысында тараптар сауда және ауыл шаруашылығы бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екендіктерін білдірді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/press/news/details/1165157?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version