Ораза қабыл болсын!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті мұсылмал қауым, қымбатты қала тұрғындары!

Сіздерді Рамазан айының келуімен шын жүректен құттықтаймыз!

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, берекелі де кешірімі мол ай. Ораза ұстаған кісіге берілетін сауапты тілмен айтып жеткізу де, сипаттау да мүмкін емес.

Рамазан айында берілетін мол сауап үшін өзгеге қол ұшын созып, қайырымдылық жасауға, игі іс-шараларды мейлінше көбірек атқаруға шақырамыз.

Құрметті әлеумет!

Баршаңызға ұзақ ғұмыр тілейміз. Ниеттеріңіз қабыл, мұраттарыңыз асыл болсын! Жүздеріңізге нұр, жүректеріңізге иман шуағы ұялай берсін! Жұртымыз тыныш, Отанымыз аман, тәуелсіз еліміздің мәртебесі асқақтап, ынтымағымыз жарасып, Алла тағаланың құт-берекесі дари берсін!

Қасиетті Рамазан – құтты болсын!

 

Құрметпен, қалалық мәслихат депутаттары.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1165054?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version