Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абзезов және сараптамалық кеңес мүшесі Е. Бекбосынов жастармен кездесіп, Конституцияның жаңа жобасын кеңінен талқылады.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абзезов және сараптамалық кеңес мүшесі Е. Бекбосынов жастармен кездесіп, Конституцияның жаңа жобасын кеңінен талқылады.
Кездесу барысында конституциялық реформалардың негізгі бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктері, заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарын нығайту мәселелері жан-жақты сөз болды. Жастар өз ойларын ашық білдіріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Еркін пікір алмасу алаңы өзара түсіністік пен белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Сондай-ақ, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жанындағы жастардың құқықтарын қорғау жөніндегі «Еркіндік рухы» комиссиясының бастамалары таныстырылды. Атап айтқанда, жалпы білім беретін мектептерде, орта арнаулы және жоғары оқу орындарында адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау тақырыбында дәрістер өткізу мәселесі талқыланды. Бұл бастама жас ұрпақтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, Конституция құндылықтарын терең түсінуге және азаматтық жауапкершілікті нығайтуға бағытталған.
Мұндай ашық форматтағы кездесулер қоғам мен жастар арасындағы байланысты күшейтіп, құқықтық мәдениетті дамытуға, заңға құрмет пен әділдік қағидаттарын орнықтыруға оң ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1164961?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version