Құмөзек ауылында жаңа Конституция жобасын түсіндіру бойынша кездесу өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын кеңінен түсіндіру мақсатында Құмөзек ауылындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп ұжымымен мазмұнды кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның басты мақсаты – ел дамуының жаңа кезеңін айқындайтын маңызды құжаттың мәні мен мазмұнын педагогикалық қауымдастыққа жан-жақты жеткізу, ұсынылып отырған өзгерістердің стратегиялық бағыттарын түсіндіру болды.

Кездесу барысында Конституция жобасына енгізілетін негізгі өзгерістер мен толықтырулар кеңінен баяндалды. Атап айтқанда, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау тетіктерін күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру, билік тармақтары арасындағы тепе-теңдік пен өзара тежемелік қағидаттарын сақтау, сондай-ақ жергілікті өзін-өзі басқару институттарын дамыту мәселелері егжей-тегжейлі түсіндірілді. Сонымен қатар, ұсынылып отырған реформалардың қоғам өміріне, әлеуметтік тұрақтылыққа және құқықтық мемлекетті нығайтуға ықпалы жөнінде нақты мысалдар келтірілді.

Педагогтар қауымы Конституция жобасының білім беру саласына қатысты нормаларына ерекше назар аударып, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Бұл ретте жаңа өзгерістердің жас ұрпақтың болашағына, олардың құқықтары мен мүмкіндіктеріне әсері кеңінен талқыланды.

Жиын ашық форматта өтіп, қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сауалдарын қойды. Барлық сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, айтылған ұсыныстар назарға алынатыны жеткізілді.

Кездесу қорытындысында жаңа Конституция жобасы елдің тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, демократиялық құндылықтарды нығайтуға және азаматтардың құқықтық қорғалу деңгейін арттыруға бағытталған маңызды стратегиялық құжат екені ерекше атап өтілді. Мұндай ақпараттық-түсіндіру жұмыстары алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1165437?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version