Құрметті аудан тұрғындары! Қадірлі жамағат!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Баршаңызды мұсылман әлемінің ең қасиетті де қастерлі айы – Рамазан айының басталуымен шын жүректен құттықтаймын!

Рамазан – он екі айдың сұлтаны, береке мен бірлікті арттырып, кешірім мен мейірімді, сабыр мен қанағатты дәріптейтін ерекше кезең. Бұл ай адам баласын рухани тазаруға, ізгілік пен қайырымдылық жасауға үндейді. Ата-бабаларымыз қасиетті Рамазанды айрықша құрметпен қарсы алып, оның әр күнін сауапты істермен өткізуге мән берген. Осы игі дәстүр бүгінгі күні де жалғасын тауып, қоғамымыздағы ынтымақ пен татулықтың нығаюына негіз болып келеді.

Қасиетті айдың тағылымы – адамдарды бауырмалдыққа, кішіпейілділікке, сабыр мен төзімділікке тәрбиелеу. Ораза ұстау арқылы адам нәпсісін тыя отырып, рухани кемелденуге ұмтылады, мұқтаж жандарға қолдау көрсетіп, адамгершілік құндылықтарды жоғары қояды. Бұл – қоғамдағы өзара сыйластық пен түсіністікті арттыратын маңызды рухани мектеп.

Ардақты ағайын!

Берекенің бастауы болған қасиетті Рамазан айында жасаған барлық игі амалдарыңыз бен ақ тілектеріңіз қабыл болсын. Әр шаңыраққа амандық, бақ-береке, ырыс-несібе тілеймін. Еліміз тыныш, жұртымыз аман болып, бірлігіміз нығая берсін.

Қасиетті Рамазан айы баршаңызға мүбарак болсын!

Құрметпен,
Хромтау ауданының әкімі

Нұрхан Тлеумұратов

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1165623?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version