Құрметті Павлодар облысының тұрғындары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Баршаңызды қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын!

Бұл – халқымыздың рухани өмірінде айрықша маңызы бар мейрам.

Рамазан айы ежелден мұсылман қауымының бейбітшілік, бірлік, мейірімділік сияқты мәңгі адами құндылықтарды үлгі ететін мерекелерінің бірі. Ораза кезінде сабырлылық пен қанағатшылдық, жанашырлық пен қамқорлық секілді ізгі құндылықтар ерекше дәріптеледі. Азаматтарымыз мұқтаж жандарға көмек беріп, қайырымдылық жасауға ұмтылады.

Халқымыз үшін дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтырып, өзара сабақтасып жатқан егіз ұғым. Ислам дініміз де, ата дәстүріміз де жұртты жақсылық пен жасампаздыққа үндейді.

Ізгі ниеттеріңіз, оқытқан дұғаларыңыз қабыл болып, әр жанұяға бақ-береке қонсын. Деніміз сау, жұртымыз тыныш, елімізде тұрақтылық пен ауызбіршілік болсын!

Оразадан оразаға аман-есен жете берейік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-din/press/news/details/1165179?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version