Құтқарушы-кинолог және оның адал серігі әрдайым шақыртуға дайын

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сергей Зиновьев – Шымкент қаласы ТЖД құтқарушы–кинологы, иттермен қызмет етуде 30 жылдан астам тәжірибесі бар маман. Бұған дейін ол ширек ғасырға жуық полиция саласында еңбек еткен, ал бүгінде жедел-құтқару жасағының кинологиялық бөлімшесін басқарады.

Оның бұрынғы серігі –лабрадор Рой ондаған күрделі операцияларға қатысқан: Арыстағы оқиғалардан бастап, таулы аймақтарда адамдарды іздеуге дейін. Қазір Сергейдің жанында құтқарушы мамандығын меңгеріп келе жатқан бельгиялық овчарка Ева бар.

Кинологтың жұмысы–тәулік  бойы дайындық, оқу–жаттығулар, үйінділерде, тауда және орман–тоғайда  іздестіру жұмыстарын жүргізу. Дәл осындай сәттерде техника қауқарсыз болған жерде ит адамды топырақ пен бетон қабаттарының астынан иіс арқылы табады.

2025 жылы Ева Михайлов су қоймасы маңында жоғалған 13 жастағы баланы табуға көмектесті. Бала өзеннің арғы бетінен аман есен табылды.

Сергей–халықаралық деңгейдегі маман, халықаралық құтқару тобының құрамына енген. Сонымен қатар, ол жас кинологтарға өз тәжірибесін үйретеді. Кинологиядан бөлек, сүңгуір және альпинист ретінде де қызмет атқарады.

Ол үшін кинология –жай ғана үйрету емес, жүрекпен атқарылатын жұмыс.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-shymkent/press/news/details/1164870?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version