18.02.2026 жылы Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бастамасымен өткізілген әлеуметтік әріптестік және еңбек дауларының алдын алу мәселелері бойынша Форумда әлеуметтік әріптестік саласындағы ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Келісім тараптары ретінде әкімдік, Батыс Қазақстан облысының прокуратурасы, Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті және Карачаганак Петролиум Оперейтинг Б.В. Қазақстан филиалы қатысты.
Меморандум тараптардың қызметкерлердің құқықтарын қорғаудың тұрақты жүйесін қалыптастыру, қауіпсіз әрі әділ еңбек жағдайларын жасау, еңбек қатынастары саласындағы заңдылықты арттыру бағытындағы өзара іс-қимылын бекітті.
Құжатта ақпаратпен тұрақты алмасу, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында бірлескен профилактикалық және түсіндіру іс-шараларын өткізу көзделген.
Жеке және ұжымдық еңбек дауларын реттеу мәселелері айқындалды. Кәсіподақтардың рөлі күшейтілді.
Бірлескен іс-қимылдарды үйлестіру қызметкерлердің өтініштеріне жедел ден қоюға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге, еңбек қатынастары саласындағы алдын алу шараларын күшейтуге, еңбек құқықтарының бұзылуын азайтуға және мемлекеттік органдар, жұмыс берушілер мен еңбек ұжымдары арасындағы сенімді нығайтуға мүмкіндік береді. Бұл өңірдегі әлеуметтік тұрақтылыққа оң әсерін тигізеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-enbek/press/news/details/1165435?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау