Қызметтік дайындық — басты міндет: ШҚО полицейлері кәсіби даярлығын шыңдауда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызметтік дайындық — басты міндет: ШҚО полицейлері кәсіби даярлығын шыңдауда

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері қоғамдық қауіпсіздік бөліністері үшін оқу-жаттығу сабақтарын өткізді.

Негізгі мақсат — полицейлердің кәсіби деңгейін және әртүрлі қызметтік жағдайларда әрекет етуге дайындығын арттыру. Оқ ату дайындығы кезінде қызметкерлер табельдік қаруды меңгеру дағдыларын жетілдіріп, ату дәлдігі мен реакция жылдамдығына баса назар аударды.

Дене шынықтыру дайындығы да маңызды кезеңнің бірі болды. Полицейлер құқық бұзушыларды ұстау және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде қолданылатын жауынгерлік күрес тәсілдерін пысықтады.

Сонымен қатар, теориялық сабақтар өткізіліп, онда қызметкерлер заңнама нормаларын қайталап, стандартты емес жағдайлардағы іс-қимыл алгоритмдерін талдады.

Психологиялық дайындыққа — сабырлылықты сақтау, шешімді тез қабылдау және тіпті шиеленісті жағдайларда да сенімді әрекет ету қабілетіне ерекше көңіл бөлінді.

Мұндай сабақтар полицейлерге дайындық деңгейін жоғары ұстауға және өңір тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде үйлесімді әрекет етуге көмектеседі.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1165424?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version