2026 жылдың 19 ақпанында «Қоғамдағы заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету аясында Қызылорда облысы Әділет департаментінің сала мамандары мен адвокаттардың қатысуымен Қызылөзек ауылдық округінде тұрғындарымен кездесу өткізілді. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына құқықтық мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, қолданыстағы заңнама талаптары кеңінен баяндалды. Азаматтарға тегін заң көмегі көрсетіліп, жеке сұрақтарына нақты әрі заң талаптарына сәйкес жауаптар берілді. Сонымен қатар, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін цифрлық көмекші – чат-боттың қызметі таныстырылып, оны пайдалану тәртібі егжей-тегжейлі түсіндірілді. Осыған байланысты тұрғындарға ақпараттық парақшалар таратылды. Іс-шара аясында «Тараптар кабинеті» онлайн сервисінің артықшылықтары, робот-сот орындаушының қызметі және атқарушылық іс жүргізу саласындағы цифрлық мүмкіндіктер туралы да кеңінен мәлімет ұсынылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kzl/press/news/details/1165528?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау