«Салтанат» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына арнайы барды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

🔹 Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ұлытау облысы бойынша өкілі А.Б. Каримов қызмет аясында сараптама кеңесінің мүшесімен бірлесіп, Ұлытау облысы білім басқармасының Жезқазған қаласы білім бөлімінің «Салтанат» бөбекжайы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына арнайы барды.

Іссапардың мақсаты – білім беру ұйымындағы балалардың құқықтарының сақталу жағдайымен танысу. Кездесу барысында ұжыммен пікір алмасып, тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына жасалған жағдайлар қарастырылды.

Мұндай жұмыс сапарлары өңірдегі білім беру ұйымдарында бала құқықтарын қамтамасыз ету деңгейін арттыруға және жүйелі мониторинг жүргізуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-ulytau-oblysy/press/news/details/1164981?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version