Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы кезектен тыс сессиясына қатысты. Сессияны мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы жүргізді. Күн тәртібінде Сарыағаш аудандық округтік және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін сайлау мәселесі қаралды.
Күн тәртібіне енгізілген мәселе жан-жақты талқыланды. Ұсынылған кандидатуралар заң талаптарына сәйкес қаралып, тиісті қорытындылар жасалды. Талқылау нәтижесінде депутаттар аталған мәселені бір ауыздан қолдап, тиісті шешім қабылдады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1165697?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау