Семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп» идеологиясын іске асыру аясында 2026 жылдың 18 ақпанында Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы С.М. Абдикалыкова Қостанай қаласының нотариустарына арналған семинар өткізді.

Семинар Қазақстан Республикасының Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою мемлекеттік қызметін көрсету мәселелеріне арналды.

Іс-шара барысында «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорациясы» мен электрондық үкімет порталы арқылы апостиль қою тәртібі, құжаттарды рәсімдеу талаптары және бас тартудың алдын алу шаралары жөнінде заңнама нормалары түсіндірілді.

Сонымен қатар мемлекеттің белсенді рөлі мәселелері бойынша құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1164824?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version