ШҚО-да көркем гимнастикадан жастар арасында ҚР чемпионаты басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өскемендегі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің  спорт залында көркем гимнастикадан ҚР чемпионатының салтанатты ашылу салтанаты өтті.

Жарысқа Ұлттық құраманың резервін құрайтын 2014–2016 жылы туған (1-ші разряд) жас гимнастар қатысуда.

Ауқымды спорттық шараға жеке бағдарлама бойынша 81 қатысушы және топтық жаттығулар бойынша 28 команда жиналды. Чемпионатқа қатысушылар елдің 13 өңірінен келді: Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қарағанды, Ақмола, Павлодар, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан және Абай облыстары.

Бұл чемпионат – Қазақстандағы көркем гимнастиканы дамытудың негізгі кезеңі. Ол болашақта халықаралық аренада ел намысын қорғайтын гимнастарды анықтауға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1165455?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version