🔰Аудан әкімі Сәкен Мамытовтың есептік кездесуі Ә.Бүркітбаев ауылында жалғасты. Кездесуде аудан басшысы жасалынып жатқан істер мен алдағы жоспарларды баяндап өтті. Бүгінде төрт түлікке бай елдімекен саналатын Түркістанда тіршілік түрленуде. Айта кетейік, 2025 жылы Түркістан ауылдық округінде 8 жобаға қаржы қаралды.
📌Атап айтсақ, Қаратас ауылына газ құбырларын тарту жұмыстары жүргізілді.
Қаратас ауылына кіші футбол алаңшасы орнатылды. Ә.Бүркітбаев ауылына жасыл белдеу қорғаныш алқабы салынды. Ә. Бүркітбаев ауылындағы саябақты қоршау жұмыстары жүргізілді. Ә. Бүркітбаев ауылындағы саябаққа бейнебақылау камералары орнатылды.
Түркістан ауылдық округіне қарасты үш елді мекенде кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары жасалды.
Қыс мезгілінде ауыл ішілік жолдарды күтіп ұстауға Арыстанды ауылындағы футбол алаңшасы ағымдағы жөндеуден өтті.
🔰Аудан басшысының есебін тыңдаған түркістандықтар оң бағасын беріп, жүйелі жұмыстардың жалғасатынына сенімдерін білдірді. Сонымен қатар, ауылдық округтегі өзекті мәселелерді тыңдаған шешілу жолдарын қарастыратынын айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu/press/news/details/1165673?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау