«Ұшқыштардың ұлы жолы» брейн-ринг сайысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

1 ақпан — Азаматтық авиация қызметкерлерінің күніне орай Омар Молдағожин атындағы мектептің жоғары сынып оқушылары арасында «Ұшқыштардың ұлы жолы» атты брейн-ринг форматындағы сұрақ-жауап сайысы өткізілді.

Іс-шараның мақсаты — оқушылардың авиация тарихы туралы білімдерін кеңейту, ұшқыш мамандығына қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сайыс барысында қатысушылар авиация саласының дамуы, ұшақтар тарихы, әйгілі ұшқыштар мен қызықты деректер бойынша өз білімдерін ортаға салды.

Тартысты өткен зияткерлік сайыс нәтижесінде екі команда да белсенділік танытып, білім деңгейлері тең түсіп, сайыс достық рухта аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kabanbai/press/news/details/1164792?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version