«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі»: Жамбыл облысында балалар құқығын қорғау жөнінде форум өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі»: Жамбыл облысында балалар құқығын қорғау жөнінде форум өтті

«Бақытты болашақ» оқушылар сарайында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды күшейту, сондай-ақ олардың қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында «Заң мен тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» тақырыбында облыстық форум өтті.

Іс-шараға құқық қорғау органдарының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, мектеп директорлары, ата-аналар қауымдастығының мүшелері, бала құқықтары жөніндегі уәкіл және өзге де мүдделі тараптар қатысты.

Талқылау барысында кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың алдын алу, буллингтің, топтық төбелестердің, бопсалаудың, ұрлықтың, алаяқтықтың, тонаудың, сондай-ақ есірткі құралдарының заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтардың және жасөспірімдерді заңға қайшы әрекеттерге тартудың профилактикасына ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, кәмелетке толмағандардың құқықтық мәдениеті мен заңға бағыну мінез-құлқын қалыптастырудағы отбасы мен мектептің рөлі жеке қарастырылды.

Форум аясында жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа деген тұрақты теріс көзқарасын қалыптастыруға бағытталған құқықтық мазмұндағы бейнероликтер көрсетілді.

— Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету — біздің басты міндеттеріміздің бірі. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу кешенді әрі жүйелі тәсілді талап етеді. Тек полиция, білім беру органдары, ата-аналар және қоғамның тығыз өзара іс-қимылы арқылы ғана әрбір баланың алаңсыз өмір сүруіне жағдай жасай аламыз және кез келген құқыққа қарсы көріністердің дер кезінде жолын кесеміз, — деп атап өтті Жамбыл облысы ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы Манас Әбдікаримов.

Кездесу қорытындысы бойынша ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және тәуекел тобындағы кәмелетке толмағандар мен олардың отбасыларымен жүйелі профилактикалық жұмыстар жүргізу қажеттігі атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhambyl/press/news/details/1165323?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version