Skip to content

Орысша оқу

ЖАЗЫЛУ
КІРУ
Ақпан 20, 2026
200News

ҚАЗАҚСТАН

ӨКҚ

ШЫМКЕНТ



⚜️Тырысқақ туралы не білуіміз керек?

Жарияланды:

20/02/2026 16:32

—

Автор:

Алатау Ахмет-Султан
категорияда Жаңалықтар

Тырысқақ – адамнан адамға жұғатын жіті ішек жұқпалы ауруы. Тырысқақ басқа жіті ішек жұқпаларынан клиникалық ағымының ауырлығымен, жоғары өлім-жітімімен және салыстырмалы түрде қысқа мерзімде ауқымды аумақтарға таралып, халықтың көпшілігіне жұқтыру мүмкіндігімен ерекшеленеді. 

   Адамнан адамға тырысқақтың берілуі сыртқы орта арқылы жүзеге асырылады, негізінен су арқылы беріледі. Таралу механизмі бойынша тырысқақ ішек ауруы болып табылады.

   Тырысқақтың жасырын кезеңі (науқас жұқтырған сәттен бастап аурудың алғашқы белгілері пайда болғанға дейін) 1-ден 5 күнге дейін, көбінесе 2-3 күнге созылады.

   Тырысқаққа күдік тудыруға негіз болатын келесі белгілер: қызба (температура – 37оС  және одан жоғары), жүрек айну, іш өту, құсу, бас ауруы, сонымен бірге тырысқақ бойынша қолайсыз елдерден әкелінуін ескеру қажет.

   Тырысқақтың алдын алу шаралары мынадай:

– жеке гигиена шараларын сақтаңыз: тамақ ішер, тамақ дайындар алдында, әжетханаға барғаннан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз;

– қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішіңіз;

– ұйымдастырылған демалысқа рұқсат етілген су айдындарында шомылыңыз;

– теңіздің, мұхиттың және басқа да су объектілерінің шикі және жеткіліксіз пісірілген өнімдерін пайдаланбаңыз;

– азық-түлік, жеміс-жидек пен көкөністі рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алыңыз;

– жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуыңыз.

   Тырысқақ ауруының белгілері (жүрек айну, құсу, сұйық нәжіс, бас ауруы, бас айналу) пайда болған жағдайда дереу дәрігерге жүгіну қажет. Медициналық көмекке ерте жүгіну тырысқақты тиімді емдеуді дер кезінде жүргізуге және қолайсыз нәтиженің алдын алуға мүмкіндік береді.

 
 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-atyrau/press/news/details/1166311?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

←Previous: Округте Қытайға қатысты арандатушылық сипаттағы сөздер мен пікірлердің алдын алу, деструктивті көріністерге жол бермеу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мәселесі талқыланды.
Next: Көктерек ауылдық округі бойынша 2026жылғы өрт қауіпті кезеңге дайындық жұмыстарын жүргізу мақсатында ауыл әкімдігінде жиын өтті.→


ЖАҢАЛЫҚТАР

ҚАЗАҚСТАН

ШЫМКЕНТ

АЛМАТЫ

АСТАНА

ҚОСЫМША АҚПАРАТ

Келісім шарттары

Қүпия келісімдері

Қолдану ережелері

АККАУНТ

КІРУ

ЖАЗЫЛУ

“200.NEWS” ТОО “Бахытжан Копбаев Ақпарат агенттігінін” интернет-бысылымы. Тіркеу туралы куәлік №KZ77VPY00071781 Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің Ақпарат комитетімен 2024 жылғы 21 ақпанда берілген. Он сегіз жасқа толған пайданушыларға арналған портал. Материалдарды пайдалану шарттарына сәйкес қайта басып шығаруға рұқсат етіледі.

Біздің агенттігіңің телефон нөмері : +77778848811 , почтасы : info@200.news

Exit mobile version