2026 жылғы 18 ақпанда техникалық оқу жүйесінде кезекті сабақ өткізілді.
Сабаққа Тексеру комиссиясының мүшелері, аппарат басшысы, құрылымдық бөлімшелердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Мемлекеттік аудиттің сапасын бақылау бөлімі басшысы Р.А. Қадырбеков тыңдаушыларға аудиттік іс-шараны жүргізудің алдын ала кезеңінде құжаттарды әзірлеудің кейбір мәселелері туралы баяндама жасап, тиімділік аудиті мен сәйкестік аудитінің критерийлерін таңдаудың мысалдарын қарастырды.
Талқылау барысында тыңдаушылардың назарын мемлекеттік аудиттің алдын ала кезеңіндегі құжаттарды (аудит объектілерін алдын ала зерделеу нәтижелері туралы ақпарат, аудит бағдарламасы) Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі Есеп комитетінің 2020 жылғы 30 шілдедегі № 6-НҚ нормативтік қаулысымен бекітілген Сыртқы мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды жүргізу қағидаларындағы үлгілік нысандарға қатаң сәйкестікте әзірлеу қажеттілігіне аударды.
Сабақ соңында тыңдаушылар арасында пікір алмасу өтті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akmol-revkom/press/news/details/1166586?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау