2026 жылғы 20 ақпанда 2–4 сынып оқушыларына арналған «Бастау» республикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Зияткерлік сайысқа аудан мектептерінің бастауыш сыныптарынан шамамен 80 оқушы қатысты. «Бастау» олимпиадасы дарынды балаларды анықтауға және қолдауға, логикалық ойлауын, функционалдық сауаттылығын, танымдық белсенділігін дамытуға, оқу үдерісіне қызығушылығын арттыруға бағытталған.

Аудандық кезеңнің қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды. Облыстық кезеңде аудан намысын екі команда қорғайды: оқыту тілі орыс тіліндегі команда және оқыту тілі қазақ тіліндегі команда (6 оқушы).

Жеңімпаздар мен олардың жетекшілерін лайықты нәтижелерімен құттықтай отырып, облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/gmusrep-roo/press/news/details/1166359?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version