Әкімшілік іс жүргізу саласындағы бірыңғай тізілімдерді жүргізу мәселелері бойынша оқыту семинары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 19 ақпанда Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Көліктегі департаменті өкілдерінің қатысуымен Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімін және Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімін жүргізу мәселелері бойынша оқыту семинары өткізілді. Семинар барысында аталған тізілімдерді жүргізудің өзекті мәселелері, оларды қолдану тәжірибесі, сондай-ақ әкімшілік іс жүргізу рәсімдерін жетілдіру бағыттары қарастырылды. Қатысушыларға тізілімдерді қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес дұрыс әрі тиімді жүргізу тәртібі түсіндіріліп, әдістемелік ұсынымдар берілді. Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауаптар беріліп, жұмыс процестерін одан әрі оңтайландыру мәселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-na-transporte/press/news/details/1166428?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version