Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің базасында азаматтық қорғау саласында әртүрлі санаттағы тыңдаушылар мен еріктілерді даярлау және қайта даярлау бойынша сабақтар өткізілуде.
Оқытуға «Аманат» партиясының жанындағы «Жастар Рухы» «Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігі Алматы облыстық филиалы, сондай-ақ облыстың жергілікті атқарушы органы қатысты. Жалпы, өңірде қызмет атқаратын 30-дан астам волонтёрлік ұйымдар мен топтардың жетекшілері мен үйлестірушілері білім алды.
Мұндай сабақтарды өткізудің мақсаты – еріктілер бірлестіктерінің төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету дайындығын арттыру және азаматтық қорғау бөлімшелерімен өзара іс-қимылды күшейту.
Оқу аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау» Заңының талаптары, су айдындарында қауіпсіздік ережелерімен танысты, сондай-ақ зардап шеккендерге алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсету негіздерін меңгерді. Арнайы назар практикалық даярлыққа аударылды: тыңдаушылар әртүрлі төтенше жағдайлар кезіндегі әрекет алгоритмдерін, үйлестіру мәселелерін және авариялық-құтқару іс-шараларын өткізудегі өзара іс-қимыл тәртібін меңгерді.
Оқыту қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға курсты аяқтағанын растайтын сертификаттар берілді. Алматы облысында тыңдаушылар мен ерікті құрылымдарды даярлау және қайта даярлау жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді және бұл өңірдің төтенше жағдайларға әрекет ету дайындығын арттырудағы маңызды элемент болып табылады.
Алматы облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-alm/press/news/details/1166605?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау