АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ЖОЛ ҚАУІПСІЗДІГІ ЕРЕКШЕ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алматы облысы Полиция департаментінде өңірдің республикалық маңызы бар автожолдарында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері күн сайын республикалық трассаларда профилактикалық іс-шаралар өткізуде.

Әсіресе, жол-көлік оқиғалары жиі тіркелетін қауіпті учаскелерге ерекше назар аударылады. Қызмет барысында заманауи технологиялар, соның ішінде ұшқышсыз ұшу аппараттары кеңінен қолданылуда. Дрондарды пайдалану жолдағы ахуалды нақты уақыт режимінде бақылауға, жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректерін анықтауға және төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Жоғары технологиялық құралдарды қолданудың басты мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Полицияда атап өткендей, әрбір жол апаты – жай ғана статистика емес, ол – адам тағдыры, азаматтардың денсаулығы мен өмірі.

Ведомствода жүргізіліп жатқан жұмыстың негізгі мақсаты жазалау емес, құқық бұзушылықтардың алдын алу екені баса айтылды. Жылдамдық режимін сақтау, арақашықтықты ұстану, басып озу қағидаларын орындау және жол қозғалысына қатысушылардың өзара құрметі – қауіпсіздіктің басты кепілі.

Алматы облысының полициясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жауапкершілік танытып, Жол қозғалысы қағидаларын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы қауіпсіздік – әрбір қатысушының саналылығы мен тәртібін талап ететін ортақ міндет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1166222?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version