Астанада гидтердің екінші республикалық форумы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астанадағы ҚР Президент орталығы ғимаратында гидтер мен экскурсия жүргізушілердің екінші форумы өтті. Іс-шара жыл сайын 21 ақпанда атап өтілетін Дүниежүзілік гидтер күніне орай ұйымдастырылды.

Екінші жыл қатарынан өтіп жатқан форум туристік сала мамандарын, мемлекеттік органдар мен бейінді ұйым өкілдерін біріктіріп, тәжірибе алмасуға, экскурсиялық қызметті дамыту мәселелерін талқылауға, туристік сервис сапасын арттыруға және ішкі туризмді ынталандырудың жаңа шешімдерін іздеуге мүмкіндік берді. Іс-шараны Астана қаласының әкімдігі, «Astana Tourism» туризмді дамыту орталығы Президент орталығы және елордалық гидтер клубы бірлесіп ұйымдастырды.

Астана қаласы Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Жаңабаев өз сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев туризм әлеуетін тиімді пайдалану стратегиялық маңызды міндет әрі мемлекеттік саясаттың басым бағыты екенін бірнеше рет атап өткенін айтты. Оның айтуынша, II Астаналық форум өткен жылғы бастамалардың жалғасы болып, кәсіби өзара іс-қимыл форматын кеңейтті.

Форумға Астана қаласының туристік қауымдастығынан 130-дан астам өкіл, сондай-ақ өңірлік сарапшылар мен халықаралық спикерлер қатысты. Пікірталас барысында экскурсиялық қызметті дамыту, туристік қызмет сапасын арттыру және ішкі туризмді қолдау мәселелері қаралды. Бағдарлама пленарлық отырыс пен тақырыптық панельдік сессияларды қамтыды.

Бірінші панельдік сессияда елордалық гидтермен, музей экскурсия жетекшілерімен және Visit-орталықтар өкілдерімен өзекті мәселелер талқыланды.

Екінші панельдік сессияда саланы заңнамалық реттеудің халықаралық тәсілдері мен мәдени мұраны таныстыру мәселелері қарастырылды. Тәжірибесімен Грузия экотуризм қауымдастығы басқармасының төрайымы Наталия Бахтадзе-Энглендер және «Interpret Europe» мәдени мұраны интерпретациялау жөніндегі еуропалық қауымдастығының (Германия) сыртқы байланыстар жөніндегі үйлестірушісі Дубравко Фиячко бөлісті.

Форум қорытындысы бойынша экскурсиялық саланы одан әрі дамытуға, туристік қызмет сапасын арттыруға және Қазақстанның мәдени-туристік әлеуетін нығайтуға бағытталған ұсынымдар қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-uir/press/news/details/1165988?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version