Аудандық қоғамдық кеңес отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудандық әкімдікте Успен аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған Қоғамдық кеңес мүшелері, ауылдық округ әкімдері мен жергілікті атқарушы органдардың басшылары қатысты. Отырыста келесі мәселелер талқыланды: аудандық Қоғамдық кеңестің 2025 жылғы қызметі туралы есебі; Успен ауданы Қоғамдық кеңесінің қызметін ақпараттық жариялау бойынша 2026 жылдың 1-ші жартыжылдығына арналған Медиа-жоспарды бекіту туралы; Успен ауданының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызметтер көрсету қорытындылары және 2025 жылғы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына жүргізілген қоғамдық мониторинг нәтижелері туралы; «Успен ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ 2025 жылы және 2026 жылдың 1-ші тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсетуі туралы; 2025-2026 жылдары Успен ауданының аумағында спорт нысандарының құрылысы мен жөнделуі туралы; ауданда шағын және орта бизнесті қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы туралы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uspenka/press/news/details/1166419?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version