Астана қаласы «Байқоңыр» ауданының әкімі Талғат Рахманберді «Өндіріс» тұрғын алабының тұрғындарымен ағымдағы жылдың алғашқы кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тұрғын алап аясындағы өзекті мәселелер көтеріліп, тұрғындардың түйткілді сұрақтары мен ұсыныстары талқыланды.
Өткен жылы «Өндіріс» тұрғын алабы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылды. Мәселен, 11 ойын алаңы жаңартылды – оның 2-і кешенді абаттандырылса, 9-ында жөндеу қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ, көгалдандыру аясында 800-ге жуық ағаш отырғызылып, инфрақұрылымды дамыту барысында 11 шақырымнан жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұдан бөлек, тұрғындардың қолайлылығы мақсатында жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар төселді.
Ағымдағы жылдың ауқымды жоспарларының бірі – Өндіріс тұрғын алабы газға қосылады. Бұл тұрғындар үшін көптен күткен маңызды мәселелердің бірі.
Бұдан бөлек, қазіргі таңда тұрғын алапта су тасқынына қарсы шаралар аясында арық-науа желілерін тазарту, қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау камераларын орнату және т.б жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі жиынға қалалық басқарма өкілдері, құқық қорғау қызметкерлері, мердігер ұйымдар қатысып, тұрғындарға жауап берді.
Бірқатар мәселелер бойынша жауапты мамандарға тиісті тапсырмалар жүктелді.
Көтерілген барлық сұрақтар мен ұсыныстар бойынша жол картасы дайындалып, орындалу барысы бақылауда болады
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-baikonyr/press/news/details/1166254?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау