Ботулизмның алдын алу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ботулизм – құрамында Clostridium botulinum бактерияларының, уы (токсині) бар тағамдарды тұтыну кезінде туындайтын тағамдық улану.

Аурудың пайда болуы адам ағзасына – ботулинум токсинінің енуімен байланысты, ол ботулизм микробының көбеюі кезінде тек анаэробты жағдайда (ауаға қол жеткізбестен) герметикалық жабық ыдыста пайда болады.

Алдын алу шаралары:

  • өнімдерді пайдаланар алдында ағынды судың астында тазалап жуып, консервілеу және стерилизациялау режимін сақтау;
  • қақпағы көтерілген, түсі бұзылып иісі шыққан банкілерді жедел түрде жою;
  • базарлардағы үй жағдайында консервіленген саңырауқұлақтар мен көкөкністерді (қолдан) сатып алмау;
  • күдікті өнім қалдықтарын тастамай зертханалық бақылау үшін сақтау.

Тамақтан улану белгілері пайда болса, дереу медициналық көмекке жүгіну қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-pavlodar/press/news/details/1166093?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version