Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің тапсырмасына сәйкес, көші-қон заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және заңсыз тіркеу фактілерінің жолын кесу мақсатында 2026 жылғы 18–21 ақпан аралығында Батыс Қазақстан облысының аумағында «Резеңке пәтерлер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара аясында Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлері өңір аумағында ауқымды тексеру жұмыстарын жүргізіп, азаматтардың тұрғылықты және нақты тұратын жері бойынша тіркеу тәртібінің сақталуын бақылауға алды.
Алғашқы екі күннің қорытындысы бойынша полиция қызметкерлері 219 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады.
Атап айтқанда:
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 492-бабы бойынша (тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжатсыз тұру) – 206 әкімшілік хаттама толтырылды;
ӘҚБтК-нің 493-бабы бойынша (тұрғынжай иесінің немесе өзге тұлғалардың онда нақты тұрмайтын адамдарды тіркеуге жол беруі) – 13 әкімшілік хаттама рәсімделді.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің жедел әрекет етуінің нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 392-бабы бойынша (мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту) бір шетел азаматына қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Тексеру барысында тіркелген мекенжайы бойынша нақты тұрмайтын 23 Қазақстан Республикасының азаматы тіркеуден шығарылды. Сондай-ақ тұрғылықты жері туралы жалған мәлімет ұсынған екі шетел азаматының Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға берілген рұқсатының күші жойылды.
БҚО полиция қызметкерлері көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, заңсыз тіркеу деректерін анықтау және азаматтардың құқықтық жауапкершілігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізуде. Өңірдегі көші-қон заңнамасының сақталуы тұрақты бақылауда.
Полиция департаменті азаматтарды тіркеу талаптарын қатаң сақтауға және заңнама нормаларын бұзбауға шақырады. Іс-шара жалғасуда.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zko/press/news/details/1166622?lang=kk

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау